Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы icon

Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы



НазваниеПостановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы
страница1/2
Дата конвертации28.10.2012
Размер387.62 Kb.
ТипПостановление
источник
  1   2
1. /deti_kaz (каз)/программа.doc
2. /deti_kaz (каз)/таблица.doc
Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВИТЕЛЬСТВА

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

2007 жылғы 21 желтоксан

1245

№ данасы

Астана, Үкімет Үйі


от «_____» ________ 200 года

________ __ _______

экз. № _________


2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары»

бағдарламасын бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 6-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:

1) Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз етсін;

2) жыл сайын, 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға және 20 шілдеге жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. «2006-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдардамасы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 шілдедегі №706 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К.Мәсімов



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы «21» желтоқсандағы №1245 қаулысымен бекітілген


2007 - 2011 жылдарға арналған

«Қазақстан балалары» бағдарламасы


Астана, 2007 жыл


Мазмұны

  1. Бағдарламаның паспорты

  2. Кіріспе

  3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

  5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі

  6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

  7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

  8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары




  1. Бағдарламаның паспорты




Бағдарламаның атауы

2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)


Әзірлеу үшін негідеме

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы №822 қаулысы;

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 33-сессиясының ұсынымдары;

Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелерін, балалардың жағдайы жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 27-арнайы сессиясында (Нью-Йорк, 2002 жылғы 8-10 мамыр) қабылданған «Балалардың өмір сүруі үшін жарамды әлем» атты Декларацияны және Іс-қимыл жоспарын іске асыру;

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1, 2-тармағы


Әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Мақсаты

Балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету жолымен жақсарту


Міндеттері

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру;

мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету;

барлық санаттағы балалардың сапалы білім, медициналық және әлеуметтік қызметтерді алуы үшін жағдай жасау;

өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау үшін шаралардың кешенді жүйесін қалыптастыру;

кәмелетке толмағандар арасында балалар қадағалау-сыздығының, панасыз қалуының және құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйесін жетілдіру;

әлеуметтік жетімдіктің алдын алу;

балалардың дем алу, бос уақытын өткізу, мәдени және шығармашылық өмірге қатысу құқыктарын іске асыруға ықпал ететін жағдайлар жасау


Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті бюджет шығыстарының көлемі 10 507,047 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

республикалық бюджет қаражаты есебінен –

2 425,219 млн.теңге:

2007 жылы - 306,955 млн. теңге;

2008 жылы - 586,615 млн. теңге;

2009 жылы - 510,857 млн. теңге;

2010 жылы - 510,857 млн. теңге;

2011 жылы - 509,935 мдн. теңге;

жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен –

8 081,828 млн.теңге:

2007 жылы - 1,200 млн. теңге;

2008 жылы - 750,047 млн. теңге;

2009 жылы - 3650,167 млн. теңге;

2010 жылы - 2409,684 млн. теңге;

2011 жылы - 1270,730 млн. теңге.

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті каржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық қорларды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздерді демеушілік қолдау ретінде халықаралық ұйымдардың, коммерциялық банктер мен кәсіпкерлік құрылымдардың техникалық және гранттық көмегін тарту көзделеді


Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасында 2011 жылға дейін халықаралық нормалар мен стандарттарға жауап беретін балалар қауымының барлық санаттарының өмірі мен дамуының сапасын жақсарту үшін жағдай жасайтын балалардың қүқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптастырылады

Бірінші кезеңде (2007-2009 жылдар):

Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерше балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді және енгізіледі;

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады;

балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік органдар ашылады;

балалар құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіледі;

балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мониторинг әзірленеді және бақылау жүргізіледі;

балалардың және олардың ата-аналарының, сондай-ақ балалармен жұмыс істейтін мамандардың кұқықтық білімдерін жетілдіру үшін әдістемелік әдебиет әзірленеді;

пилоттық жобалар шеңберінде бала еңбегінің ең нашар нысандарының алдын алу және сақтандыру жөніндегі балаларға арналған әлеуметтік орталықтар құрылады;

үш облыста мүмкіндігі шектеулі және мүгедек 520 баланы қамтитын 3 арнайы түзеу білім беру ұйымдары ашылады;

бір облыста жыл сайын ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған 250 баланы қамтитын 1 оңалту орталығын ашу есебінен қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың саны 16,7%-ға төмендейді;

жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 90 баланы қамтитын отбасылық тұрмыска жақындатылған жағдайда тұру үшін үш облыста отбасы үлгісіндегі 3 балалар ауылы ашылады;

балалар үйлерінің 324 бітірушісіне әлеуметтік бейімдеу үшін жағдай жасау мақсатында төрт облыста 4 жасөспірімдер үйі ашылады;

бес облыста 340 баланы қамтитын отбасы үлгісіндегі 5 балалар үйі ашылады;

мүдделері бойынша бос уақыттарын өткізу үшін балалар қоғамдық ұйымдарының желісі 30 %-ға кеңейтіледі.

Екінші кезеңде (2010 - 2011 жылдар):

балалар құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы заңнаманың сақталуына бақылау күшейтіледі;

БҰҰ бала құқықтарын қорғау Конвенциясының ережелерін орындау бойынша ңірлік бағдарламалар еңгізіледі;

балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулердің мәліметтер банкісі кұрылады;

әртүрлі ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен органдар қызметіне мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық нормаларды сақтау көрсеткіш ретінде енгізіледі;

мүдделі ведомстволармен және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жолымен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жетілдіріледі;

бала еңбегінің ең нашар нысандарын жою үшін жағдай жасалады;

жыл сайын әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуға мұқтаж кәмелетке толмаған 350 баланы қамтитын 2 оңалту орталығын ашу есебінен қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың саны 16,8 %-ға төмендейді;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерді кезең-кезеңімен қысқарту қамтамасыз етіледі;

жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200 баланы қамтитын отбасылық тұрмысқа жақындатылған жағдайда тұру үшін үш облыста отбасы үлгісіндегі 3 балалар ауылы ашылады;

балалар үйлерінің 380 бітірушісін әлеуметтік бейімдеу мақсатында екі облыста 8 жасөспірімдер үйі ашылады;

алты облыста 225 баланы қамтитын отбасы үлгісіндегі 10 балалар үйі ашылады;

екі облыста мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек 250 баланы қамтитын 2 арнайы түзеу-білім беру ұйымдары ашылады;

мүдделері бойынша балалар қоғамдық ұйымдарын одан әрі дамыту жүзеге асырылады.


Бағдарламаны іске асыру мерзімдері

2007-2011 жылдар:

1 кезең - 2007-2009 жылдар;

2 кезең - 2010-2011 жылдар





  1. Кіріспе


Мемлекет балалық шақты адам өмірінің маңызды кезеңі деп таниды және балаларды қоғамдагы толыққанды тіршілік әрекетіне даярлау басымдығы қағидаттарын негізге алады.

Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала кұқықтары туралы конвенцияны (бұдан әрі - Конвенция) ратификациялады. Осы Конвенция ережелерін, балалардың жағдайы жөніндегі Біріккен Ұлттар Үйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында (Нью-Йорк, 2002 жылғы 8-10 мамыр) қабылданған «Балалардың өмір сүруі үшін жарамды әлем» атты Б¥¥-ның мыңжылдық Декларациясын және Іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында республикада айтарлыктай жұмыстар жүргізілді.

Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін халықаралық нормалардан туындайтын міндеттемелерін орындауына байланысты әзірленді.

Бағдарлама шеңберінде балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында мүдделі мемлекеттік құрылымдардың, жергілікті атқарушы органдардың жэне үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылының тиімді жүйесін қүру көзделеді.

Бағдарлама шеңберінде балалардың барлық санаттарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шаралардың атаулылығы, Конвенция ережелерінің, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-11 Заңының және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған басқа да нормативтік құқықтық құжаттардың орындалуы қамтамасыз етіледі.

Бағдарламада балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және балалар қауымының барлық санаттары үшін элеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз етудің кешенді шаралар жүйесі айқындалды.

Бағдарламаны қабылдау қажеттігі оны іске асыру балалардың барлық санаттарына білім беру жүйесіне тең қол жетімділікті, сапалы медициналық қызмет көрсету мен сауықтыруды, немқұрайлы қарым-қатынастың, қатыгездік пен еңбекті пайдаланудың барлық нысандарынан қорғауды, балалардьің дем алуын, бос уақытын өткізуді, мәдени және шығармашылық өмірге құқықтарын қамтамасыз ететін әлеуметтік басымдықтарды сақтауға және дамытуға мүмкіндік беретіндігімен сипатталады.


  1. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау


Қазақстан Республикасы Конвенцияның 4-бабына сәйкес Конвенцйяда белгіленген нормаларды жүзеге асыру үшін заңнамалық, әкімшілік және баска да шараларды қабылдады.

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық нормаларды имплементациялау Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі дамыту мен жетілдіруде өз көрінісін табуда. Конвенцияның жалпы қағидаттары мен нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Негізгі қолданылу аясы балалардың құқықтары мен мүдделері болатын заңдардың тұтас кешені: «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқык бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

Халықаралық және ұлттық нормаларды неғұрлым егжей-тегжейлі және толық үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне түзетулер, толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Балалардың құқықтарын іске асыруға Қазақстан ратификациялаған балалардың қарулы тартыстарға қатысуына, балалар саудасына, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына, сондай-ақ балалар еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салу және оларды жою жөніндегі шұғыл шараларға қатысты конвецияларға факультативтік хаттамалар ықпал етеді.

Балалардың құқықтарын сақтауға қатысты мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасы заңнамасының Конвенцияның қағидаттары мен ережелеріне толық сәйкес болуы мақсатында оны одан эрі дамытуды қамтамасыз етеді.

Конвенцияның ұлттық заңнамада имплементацияланбаған бірқатар нормалары бар. Мысалы, босқын балаларды ерекше қорғау мәселесі шешілмеген.

Біріккен Ұлттар Үйымы Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 33-ші арнайы сессиясының отырысында Қазақстан Республикасына берілген ұсынымдарға сәйкес 2006 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың кұқықтарын қорғау комитеті құрылды, оның негізгі міндеті балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Конвенцияның нормаларын мейлінше толық орындау үшін басты назар рёеурстарды жұмылдыруға бөлінеді. Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі балалар мүддесіне орай оқыту, тәрбиелеу, денсаулығын сақтау, мәдениет, дене тәрбиесі мен спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты басым қаржыландыруға ықпал етеді.

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы бірқатар жетістіктерге қарамастан казіргі кезде түрлі санаттағы балалардың барлығы өздерінде бар құқықтарды толық пайдалануға мүмкіндігі жоқ.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары кэмелетке толмаған балаларға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі эздерінің қызметтерін «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 106-бабына сәйкес жергілікті білім беру және денсаулық сақтау уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырады. 2007 жылдың басында республикадағы 18 жасқа дейінгі халықтың саны 4 922 715 баланы құрады, ал қорғаншы жэне қамқоршы органдары мамандарының саны небәрі - 180: бір маманға 27 349 баланың құқығын қорғау бойынша міндеттеме жүктеледі. Әлемдік практика көрсетіп отырғандай, балаларды қорғау жөніндегі мамандардың саны 5000 балаға бір маман есебінен айқындалады.

Жергілікті жерлердегі өкілдері қорғаншы және қамқоршы органдар болатын уәкілетті органның тарапынан білім беру ұйымдарының қызметін ведомствоаралық үйлестіру мен бақылаудың тиімді жүйесін құру балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жэне олардың дамуы үшін жағдай жасайтын тиімді тетік болады.

Мәліметтерді жинаудың бірыңғай жүйесі мен тұрақты мониторингінің болмауы Конвенция нормаларының орындалу нәтижелерін және өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін үнемі қадағалауға және бағалауға мүмкіндік бермейді.

Тұрақты мониторинг пен бақылау тетігін енгізу Конвенция нормаларын орындауды іске асыруға және балалар құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға мемлекеттік органдардың тиімді қатысуын анықтауға мүмкіндік береді.

Балалардың білім алуға қол жетімділігі мәселесі толық шешімің таппай отыр. 2007 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстан Республйкасында 230,8 мың баланы немесе 27,6% қамтитын 1391 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 2003 пен 2006 жылдар аралығын салыстырғанда небәрі 108 бірлікке, атап айтқанда: 2004 жылы - 25 бірлікке, 2005 жылы - 77 бірлікке, 2006 жылы 6 бірлікке ұлғайды. Мектеп жасына дейінгі тэрбие беру ұйымдарындағы балалар контингенті 2003 жылмен салыстырғанда 70,1 мың балаға артты, мектеп жасына дейінгі тәрбие беру ұйымдарында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 2006 жылғы 1 қазанға небәрі 27,6 %-ды құрады. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім берудің аз шығынды нысандарын дамытуды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесіндегі реформаларды одан эрі жетілдіру қажет.

Республикада мүмкіндігі шектеулі 150 мыңнан астам бала анықталды. Аталған санаттағы балалардың білім алуға тиімді қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін республикада 101 арнайы түзеу-білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 17030 бала оқиды, бұл олардың жалпы санының 23,3%-ын ғана құрайды.


Арнайы түзеу-білім беру ұйымдарының желісі мен контингентінің даму серпіні

Жыл

¥йымдардың саны

Балалардың саны (мың)

2001

103

18,9

2002

102

19,1

2003

102

19,1

2004

102

18,6

2005

102

17,8

2006

101

17,0

Республикада арнайы білім беру жүйесінің біртіндеп кеңейтілуіне қарамастан, мұқтаж балалардың бэрі бірдей оған қол жеткізе алмайды. Қазіргі уақытта республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 65 мыңдай бала мамандардың білікті көмегінсіз оқиды. Жалпы білім беретін мектептердің 766 арнайы сыныптарында ғана ақыл-ой кемістіктері бар және психикалық дамуы тежелген 6883 баланы оқыту үшін жағдай жасалған.

Есту, көру, тірек-қимыл аппаратында, сөйлеу қабілетінде кемшілігі бар балалар үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың, арнайы техникалық оқыту қүралдарының аса тапшылығы орын алып отыр.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және оларды мэдени өмірге белсенді және тең қатыстыруға көркем шығармашылық, спорт саласында талантты мүгедек балаларды анықтауға қатысты проблемаларды шешу үшін арнайы білім беру бағдарламаларын қолдау жөніндегі шараларды эзірлеу жэне енгізу қажет.

Интернаттық ұйымдарда түратын балалар қазіргі заманғы басылымдар, оқулықтар, мерзімді баспасөз, Интернет сияқты ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі шектеулі, лайықты деңгейде компьютерлік білім, сондай-ақ шет тілдері бойынша білім алмайды.

Бүгінгі таңда жасөспірімдік кезеңдегі балалардың денсаулық жағдайы өзекті проблемалардың бірі болып табылады, оның әлеуметтік маңыздылығы кәсіби қызметке жэне отбасын қүруға дайындалу қажеттілігінен туындайды.

Баланың денсаулығын сақтауға қүқығы мынадай: Қазақстан Республикасының бала денсаулығын сақтау саласындағы заңнамасын жетілдірумен, балалардың салауатты өмір салтын насихаттаумен және оған ынталандырумен, баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайын бақылауды қамтамасыз ету және балалар дертінің алдын алу сиякты шаралармен қамтамасыз етіледі.

Соңғы бес жылдың ішінде республикада жалпы ішкі өнімге шаққандағы денсаулық сақтау жүйесіне қарастырылған шығыстардың үлесі 2001 жылғы 1,92 %-дан 2006 жылы 2,19 %-ға дейін ұлғайды. Осыған қарамастан республикада жыл сайын 18 жасқа дейінгі балаларда 5 миллионға жуық аурулар тіркеледі. Жасөспірімдерді (12-18 жас) жыл сайынғы алдын ала медициналық тексерулердің қорытындылары бойынша диагностикадан өтетін балалардың 53%-дан астамы ас қорыту, көру органдарының, сүйек-бұлшық ет жүйесінің, тыныс алу, жүйке және эндокриндік жүйелері ауруларынан зардап шегеді.

Қазақстан Республикасындағы 2005 - 2006 жылдарда жекелеген

аурулар сыныптары мен топтары бойынша

балалардың (14 жасқа дейнгі) жалпы науқастануы

(100 000 балаға шаққанда өмірінде бірінші рет тіркелген

аурулардың саны)


Аурулардың негізгі топтары

2005 жыл

2006 жыл

1 жаңа пайда болған ісіктер

80,9

82,1

1 қан, қан түзу органдарының аурулары жэне иммунды жүйеге қатысты жекелеген ауытқулар

3645,3

6003,6

эндокринді аурулар, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы

1518,4

1776,1

психиканың және мінез-құлықтың бұзылуы

239,3

222,2

1 жүйке жүйесі аурулары

2669,3

2752,7

1 тыныс алу органдарының аурулары

55451,4

54507,7 ;

ас қорыту органдарының аурулары

6289,3

6775,1-

тері және тері асты жасушаларының аурулары

5373,1

5279,7

сүйек-бұлшық ет жүйесінің және дәнекер ұлпасының аурулары

1242,7

1321,8

жарақаттар және улану

3719,3

3320,5

1

Үсынылған кестеден көрсетілгендей, балалар арасында аурушаңдык артуда және жасына қарай көбеюде. 14 жасқа дейінгі оқушылар арасындағы аурушаңдық 19,3 % -ды құрайды. Жылдан жылға мектеп бітірушілер арасында денсаулығы жақсы балалардың саны азаюда.

Аурушаңдықтың басты себептерінің бірі мектептерде санитарлык нормалар мен ережелер талаптарының бұзылуы, тамақтанудың болмауы немесе нашарлығы болып табылады.

Балалар мүгедектігінің жоғары деңгейі сақталуда. Балалар арасындағы алғашкы мүгедектік 2007 жылдың 9 айында 5,2 мың баланы (2006 жылы -5,7 мың бала) құрады. Балалар мүгедектігінің құрылымында туа біткен кемістіктердің дамуы (32,9 %), жүйке жүйесінің аурулары (23,9 %) басым.

Мүгедек балаларды тәрбиелеуге, атап айтқанда, ауру баланы өсіру үшін .қажетті арнайы жағдай жасаумен айналысатын ананы жұмыс берушінің жұмысқа қабылдамауымен, байланысты проблема өзекті болып отыр .

Жазатайым-оқиғалардан, жарақаттар мен уланудан болатын өлім-жітім жоғары болып отыр. Жыл сайын 14 жасқа дейінгі балалар арасында 200 мыңға жуық жазатайым оқиғалар мен жарақаттар тіркеледі, олардың 1,2 %-ы мүгедектікке алып келеді.

Балаларды емдеу-сауықтыру ұйымдарының медицина кадрларымен толык қамтылмауы және материалдық-техникалық базасының нашарлығы орын алып отыр. Осыған байланысты оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу қажет.

Балалардың әлеуметтік бағыттағы медициналық қызметтерді алу басымдылығы мына жағдаймен анықталуға тиіс: медициналық қамтамасыз ету қолда бар қаражат мөлшерімен емес, денсаулық сақтаудың казіргі стандарттарын ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс.

Жасөспірімдердің денсаулығы мен өміріне қауіпті жағымсыз мінез-құлық түрлерінің алдын алу шараларының болмауы ерекше алаңдаушылық туғызады.

Кәмелетке толмағандардың арасында алкогольді ішімдік ішу, шылым шегу, нашақорлық проблемасы шиелінісіп отыр: 2007 жылдың басындағы жағдай бойынша республикада 54 мыңнан астам есірткіні пайдаланушылар ресми тіркелді, олардың 4 мыңнан астамы - 14 - 17 жастағылар.

2006 жылдың 1 желтоқсанына АҚТҚ жұқтырған 7279 адам тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі - 126 бала, 15-тен 19 жасқа дейінгі - 549 бала, сондай-ақ АҚТҚ жұқтырған аналардан туған 287 бала тіркелді.

Жасөспірімдердің өміріне және денсаулығына қауіпті мінез-құлық түрлерінің алдын алу жөніндегі жұмыстың жүйелі сипатқа ие емес екендігін ескере отырып, атаулы іс-шараларды іске асыру үшін азаматтық секторды кеңінен тарту қажет.

Балаларға қатысты мемлекеттік саясат елімізде экономикалық және саяси реформалау жағдайында іске асырылуда. Қазақстанда болып жаткан оң өзгерістерге сәйкес балалардың қоғамдағы жағдайын жақсарту жөнінде бара-бар шаралар қабылданып отыр.

Осыған қарамастан әлеуметтік отбасы институты рөлінің құлдырау проблемасы сақталып отыр, теріс өмір салтын ұстанатын ата-аналардың саны өсуде.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған ата-аналардың саны 2005 жылдың 9 айында - 181 адамды, 2006 жылы - 223 адамды, 2007 жылы -185 адамды құрады.

Балалардан бас тартуға әкеп соғатын некесіз бала туу саны 2005 жылдың басында кәмелетке толмаған қыздар арасында (100000 мың босанғандарға шаққанда) - 23,5 %-ды, 20 жасқа дейінгі аналар арасында 49,2 % -ды құрады.

Ата-анасы ажырасқан туылғаннан 17 жасқа дейінгі балалардың коэффициенті 2006 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 5,2-ден 7,0-ге өсті. Мұндай жағдайдың себептері баланың жеке басының адамгершілік-рухани қалыптасуында отбасы рөлінің, сондай-ақ балаларды тәрбиелеуде ата-аналар жауапкершілігінің төмендеуі, материалдық және тұрғын үй-жай қиындыктары, әсіресе жас отбасыларында, мектеп, отбасы және қоғамның өзара іс-қимылының жеткіліксіздігі, отбасы құндылығы мен отбасы тәрбиесін насихаттаудың осалдығы болып табылады.

Шет мемлекеттердің тәжірибесі балалар мен отбасыларға басқарылатын көмектің біртұтас кешенді жүйесін құру, балалардың барлық санаттарын қолдауға бағытталған қызметтер тізбесін жаңарту және кеңейту қажеттігін көрсетеді.

Ресей, Чехия, Латвия, Румыния, Болгария, Албания, Дания, Швеция сияқты бірқатар елдерде балалармен және отбасылармен жұмыс істеудің жаңа нысандары - «әлеуметтік патронаж», отбасы мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары құрылған. Осы қызметтердің жұмысы балалар мен олардың отбасыларын қоғам өмірінің барлық салаларында әлеуметтік, психологиялық, медициналық жэне құқықтық сүйемелдеуге бағытталған. Қазақстан отбасын әлеуметтік сүйемелдеу мен балаларды зорлық-зомбылықтың барлық нысандарынан қорғау мәселелеріндегі халықаралық тәжірибені пайдалануы мүмкін.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, балалар еңбегін қанаудың әртүрлі нысандары, балалар қараусыздығы мен қадағалаусыздығы әлеуметтік проблема күйінде қалып отыр. 2007 жылдың 1 қаңтарына девиантты мінез-құлықты 19 мыңнан астам бала кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекцияларда есепте түр.

Жыл сайын республикада 10 мыңдай қараусыз жэне қадағалаусыз бала анықталып отыр.

Республиканың ішкі істер органдарының деректері бойынша алкогольді және басқа да зиянды заттарды қолдану, балаға немқұрайлы қарау, балалардың өсуі мен дамуы үшін дұрыс жағдай жасаудан жалтару нәтйжесінде 2001 жылдан бері 5 мыңдай ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылса, тек қана 2007 жылдың 9 айында ата-аналық құқықтарынан айрылған ата-аналар саны 815 адамды кұрады.

Мемлекеттік органдар балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету фактілерін анықтау және жою бойынша жұмыстарға баса назар аудара бастады, алайда қолда бар ресурстар осы проблеманы жою үшін толыққанды күйде пайдаланылмай отыр. Қазақстан Республикасының Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығы 2005 жылы жүргізген әлеуметтік зерттеулердін нәтижелері бойынша балалардың 70 %-ы құрдастарының тарапынан, 38 %-ы мұғалімдер тарапынан, 18 %-ы ата-аналар тарапынан жәбірлеушілікті бастан кешіп отыр. 2003 жылдан бастап 2006 жылдың желтоқсан айына дейінгі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігінің мәліметі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер кодексінің 137-бабы бойынша «Кәмелетке толмағандарды тэрбиелеу міндеттерін орындамағаны және балаларға қатыгездік танытқаны үшін» 370 ата-ана қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

2006 жылғы маусымда өткен Еуропа және Орталық Азия елдерінің үшінші үкіметаралық конференциясының. (Паленсия қаласы, Испания) деректеріне сәйкес Бельгияда, Чех Республикасында, Венгрияда және Францияда дөрекі қарым-қатынас салдарынан болатын балалар өлімінің деңгейі дамыған елдердегі тиісті орташа көрсеткіштен 4-6 есе жоғары.

Осы өңір елдерінен алынған жұмыс тәжірибесі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау жөнінде бірқатар шаралар енгізуді көздейді. Бұл ұлттық заңдарды халықаралық нормаларға сәйкес келтіру, заң нормаларын практикалық қолдану жөніндегі әкімшілік шараларды енгізу, халықтың мақсатты топтары үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу жэне енгізу, балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау жөніндегі есептілік тетіктерін жасау, балаларға қатысты зорлык-зомбылықты жою мәселелерінде қоғамдық құрылымдарға ақпарат беру және олармен ынтымақтастық орнату.

Өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды элеуметтік бейімделмеу және соның салдары ретінде балалар мен жасөспірімдердің арасында ұлғайып отырған қадағалаусыздығы, панасыздығы, кылмыстылығы сонымен қатар оларды бала еңбегінің ең нашар түріне тарту кэмелетке толмағандар үшін де, қоршаған орта үшін де кауіпті. Бейімделмеген балалар санының көп болуы елдің болашағы үшін қауіп төндіреді.

Осыған байланысты заңмен ымыраға келмеген немесе өз құқықтарын қорғауға мұқтаж кәмелетке толмаған баланың тағдырында көптеген мүдделі қызметтердің жұмысын үйлестіру ерекше маңыздылыққа ие болады. Барлық құрылымдардың өзара іс-қимыл жасауы осындай балалармен әлеуметтік-құқықтық бағыттағы жұмысты қамтамасыз ететін тетік болып табылады.

Бір жағынан, құқық қорғау органдары мен соттың қызметін, екінші жағынан емдеу-оңалту және әлеуметтік-психологиялық мемлекеттік және мемлеқеттік емес қызметтерді біріктіретін әлеуметтік және құқықтық тетіктер кешенін енгізу Біріккен Үлттар Үйымының Бала құқықтары жөніндегі комитетінің кұқыққа қарсы әрекет жасаған кәмелетке толмағандарды оңалту және әлеуметтік қайта кіріктіруге жәрдемдесу үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы ұсынымдарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның жаһандану, қоғамның ауқымды әлеуметтік-экономикалык өзгеруі жағдайындағы болашағы балаларды тәрбиелеу, оқыту, олардың дене бітімі мен рухани дамуы, оларды өмірге дайындау деңгейімен айқындалады.

Алайда, Қазақстанның тұтас заңдар кешенін қабылдағанына қарамастан, оларды балалар құқықтары мен мүдделері аясында қолдануда проблемалар мен шешілмеген мәселелер бар.

Әлеуметтік жетімдіктің өсуі төмендемей отыр. 2007 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 51 мыңнан астам жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Олардың 31 мыңнан астамы қамқоршылар отбасы тәрбиесінде, 2 мыңдай бала патронаттық тәрбиеге берілді. 18 мыңнан астамы балалар үйлері мен интернаттарда мемлекеттің толық қамқорлығында. Осындай балалардың 3 мыңнан астамы (16,7%) - «нағыз жетімдер». Қалған 15 мыңы (83,3%) - ата-анасы тірі әлеуметтік жетімдер (тастанды балалар, ата-анасы бас тартқан, ата-аналық қүқығынан айырылган, бас бостандығынан айыру орындарында, ұзақ емдеудегі, іздеудегі ата-аналардың балалары).

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әртүрлі министрліктерінің құрылымында балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын ұйымдар бар.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымында балаларға, оның ішінде 79674 баланы қамтитын жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 722 интернаттық ұйым бар.

Денсаулық сақтау жүйесінде 2105 баланы қамтитын 26 балалар үйі жұмыс істейді.

Әлеуметтік қорғау жүйесінде 1294 баланы қамтитын мүгедек балаларға арналған 19 интернат үйі жұмыс істейді.

Құқық қорғау жүйесінде 9883 баланы қамтитын кәмелетке толмағандарды уақытща оқшаулау мен оңалтудың 18 орталығы жұмыс істейді.

Бұл ұйымдардың қызметі ортақ мақсатқа: тәрбиеленушілердің Дене және рухани денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталган. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген ұйымдардың міндеттері әртүрлі және осы ұйымдарға тән белгілі бір ерекшелік бойынша әлеуметтік, медициналық, құқықтық және өзге де қызметтер көрсетуді болжайды. Бірыңғай тәсілдердің, іс-әрекеттің үйлесімділігінің болмауы эртүрлі себептермен осындай ұйымға тап болған баланың құқықтарын қорғауды іске асыруға мүмкіндік бермейді.

Жетім балаларға және ата-анасының қомқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері мен интернаттарда кәмелетке толмаған 18198 бала тұрады.

Бүгін республикада отбасы үлгісіндегі 6 балалар ауылы, отбасы үлгісіндегі 23 үй жұмыс істейді. Осында тұратын балалардың небәрі 17,4 % -ы жетім балалар болып табылады, мемлекеттік қорғауды қажет ететін балалардың басым бөлігін әлеуметтік жетімдер құрайды: олардың ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған, қамау орындарындағы адамдар немесе ауыр науқастар.

Бұл санаттағы балалар санының өсуі жетім балаларға арналған ұйымдардың: сәбилер үйлері, балалар үйлері, мектеп-интернаттар, паналау үйлері және т.б. санының ұлғаюына әкеледі. 2001 жылмен салыстырғанда балалар үйінің саны - 40 бірлікке, ал ондағы балалардың саны 63,6 %-ға өсті.

Талдау көрсеткендей, Батыс Еуропаның көптеген елдерінде балаларды үзақ мерзім бойы ұқсас ұйымдарда тәрбиелеу баланы өз отбасына кейіннен қайта қоса немесе оны тәрбиесіне алған отбасына бере отырып, оларды арнайы ұйымдарда (паналау үйлерінде) қысқа мерзімге ұстауға ауысты. Еуропада жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды пайдалану ауқымының күрт қысқаруына әкелген себептер ретінде: балалардың қоғамдағы құқықтарына көзқарастардың өзгеруін, тәрбиенің отбасылық құнымен салыстырғанда стационарлық мекемелер базасында тәрбиелеу құнының артуын, қоғам тарапыңан сенімсіздікті және ұйымдар жұмысының элеуметтік қамтамасыз етудің осы нысанының төмен нэтижелерін атайды.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды кезең-кезеңмен қысқарту осы санаттағы балаларды ойдағыдай элеуметтік бейімдеу үшін қажетті шара болып табылады.

Тәрбиеленушілерді азаматтардың отбасыларына орналастыру немесе отбасылыққа жақындатылған жағдай жасау осы процесті іске асырудың пэрменді тетігі болып табылады.

1999 жыл мен 2007 жыл аралығында Қазақстан Республикасының азаматтарына бала асырап алуға 20001 мың бала, шетелдік туыстарына - 347, шетелдіктерге - 6014 мың астам бала берілген.

1999 және 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларының қорғауына және қамқорлығына 31 мыңнан астам бала берілген.

Алайда, қазіргі уақытта ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға қамқоршылар мен қорғаншыларға жәрдемақы төлеу және тағайындау туралы норма анықталмағандықтан, балалар үйлерінен қорғаншылар отбасына беру процесі тежеліп отыр, кәмелетке толмағандардың тұрғын үйге құқықтарын қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық база жетілдіруді талап етеді. Бүгінде балалар үйлерінде жэне интернаттарда тэрбиеленіп жатқан балалардың 12,8 % -да ғана бекітілген тұрғын-жайлары бар.

Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің санын қысқартуға мүмкіндік беретін баламалы тәрбие нысандарының бірі ретіндегі патронат жүйесін кеңейту жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды қысқарту процесі тетіктерінің бірі болуға тиіс. Қазіргі уакытта патронаттық тәрбиемен небәрі 1791 бала қамтылған. Бұл мақсатқа республикалық бюджет қаражатынан 2004 жылы 244 млн. 682 мың теңге, 2005 жылы жергілікті бюджет қаражатынан 348 млн. 352 мың теңге бөлінген.

Балалардың демалуға, бос уақытты өткізуге және мәдени қызметке құқығы республикада мектептен тыс ұйымдардың желісі арқылы іске асырылады. Бұлар - оқушылар үйлері, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы студиясы, жас техниктер, туристер, натуралистер станциялары мен базалары, балалардың музыкалық, спорт мектептері, өнер мектептері, қызығушылығы бойынша клубтар, спорттық, сауықтыру, туристік лагерьлер және басқалар.

Білім беру ұйымдарында: лицейлерде, гимназияларда, өнерді тереңдетіп оқытатын жалпы орта білім беретін мектептерде, бейіндік жэне көркемсурет сыныптарында тиісті жағдай жасау арқылы балаларды өнерге баулу процесі жанданды.

Қазіргі кезде республикада 541 мектептен тыс ұйым, оның 208-і ауылдық жерлерде, 700-ге жуық аула клубтары, 5,5 мың спорт залы, 9 мыңнан астам спорт алаңы жұмыс істейді. Алайда, мектептен тыс ұйымдардың мектеп жасындагы балаларды қамтуы республикада небәрі 11%-ы, оның ішінде ауылдық жерде 5,6 %-ды құрайды.

Жасөспірімдердің оқудан тыс уақытта бос болуы, жасөспірімдер клубтары, спорт секциялары желісінің жеткілікті дамымауы, жазғы демалысты, ауладағы бос уақытты және әсіресе, ересек жасөспірімдерді белсенді қоғамдық пайдалы еңбекке тартуды ұйымдастырудағы кемшіліктер балалардың теріс әлеуметтік мінез-құлқы себептерінің бірі болып табылады.

Осыған байланысты барлық санаттағы балалардың қосымша білім алуын дамыту үшін сабақтан тыс уақытта мектептен тыс ұйымдарды тиісті қадрлық, материалдық, эдістемелік ресурстармен нығайту қажет.

Балалардың қоғамда толыққанды өмір сүруіне және оларда қбғамдық маңызды жэне шығармашылық белсенділікті дамыту дайындығы басымдықтары қағидаттарын негізге ала отырып, бос уақытты өткізу орталықтары, қоғамдық балалар бірлестіктері желілерін дамытуды жалғастыру, барлық санаттағы балалардың мәдени және демалыс мекемелеріне қол жеткізуін үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен қамтамасыз ету қажет.

Республикада бала еңбегінің алдын алу және алдын-ала сактандыру мәселесі ерекше маңыздылыққа ие болып отыр.

Халықаралық еңбек үйымының деректері бойынша Қазақстан Республикасында бала еңбегін пайдаланудың салалары мен нысандарына мыналар жатады: бала еңбегі жасы ескерілместен, шарттық міндеттемелерді бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығында, құрылыста, жеке меншік нысанындағы кэсіпорындарда ауыр жұмыстарды атқару. Республикада шаруа жэне фермерлік қожалықтарында бала еңбегін пайдалану мәселесі қосымша зерттеуді талап етеді.

Осыған байланысты тиісті уэкілетті органдарға шаруа, фермерлік қожалыктарда бала еңбегін пайдалануға, балаларды жезөкшелікпен, қайыр сұраумен айналысуға, сондай-ақ пайда табу мақсатында наркотрафик кезінде пайдалану және оны сатуға зерттеу жүргізу қажет.

Мүдделі мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастығы балаларды жұмыстың ең сорақы түрлеріне пайдалануды жоюдың тиімді тетігі болып табылады.

Балалықтың қазіргі кездегі жай-күйін талдау теріс кұбылыстарды еңсеру, түбегейлі ұйымдық және құрылымдық қайта құруларды жүргізу, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қоғамды оқу-ағарту, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында мамандарды қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес даярлау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды талап ететінін көрсетеді.


  1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері


Бағдарламаның негізгі мақсаты - балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету жолымен жақсарту.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;

мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

балалардың барлық санаттарының сапалы білім, медициналық қызметтер және әлеуметтік қызметтерді алуы үшін жағдай жасау;

өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау үшін кешенді шаралар жүйесін қалыптастыру;

кәмелетке толмағандар арасында балалар қадағалаусыздығының, панасыздығының алдын алу және құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйесін жетілдіру;

әлеуметтік жетімдіктің алдын алу;

балалардың дем алу, бос уақытын өткізу, мәдени және шығармашылык өмірге қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал ететін жағдайлар жасау болып табылады.


  1. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі


Бағдарлама 2007 мен 2011 жылдар аралығында іске асырылады. Бағдарлама екі кезеңде іске асырылады:

бірінші кезең: 2007 - 2009 жылдар;

екінші кезең: 2010-2011 жылдар.

Бағдарламаны іске асыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты және мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады.

  1   2




Похожие:

Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы iconПостановление Правительства; республики казахстан от«21» Декабря 200 7 г №1245 экз. №0б утверждении Программы «Дети Казахстана» на 2007 2011 годы
В соответствии с подпунктами 1 и 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 8 августа 2002 года «О правах ребенка в Республике Казахстан»...
Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы iconЗакон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года n 319-iii
...
Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы iconПриказ мон рк от 31 марта 2011 года №119 Зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов рк от 13 мая 2011 года за №6952
В соответствии со статьей 233 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года и подпункта 37 статьи 5 Закона Республики...
Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы iconКодекс Республики Казахстан
...
Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы iconОб утверждении формы документов строгой отчетности, используемых организациями образования в образовательной деятельности
Приказ и о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 23 октября 2007 года n 502. Зарегистрирован в Министерстве юстиции...
Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы iconЗакон Республики Казахстан от 4 июня 2007 года n 258
Казахстанская правда от 5 июня 2007 года n 84 (25329) Ведомости Парламента рк 2007 год, n 11(2492) май, ст. 72
Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы iconПравила проведения общественных слушаний Утверждены приказом Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от «07» мая 2007 года №135-п Общие положения
Настоящие Правила разработаны в соответствии с Экологическим Кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года и устанавливают...
Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы iconКонцепция развития образования республики казахстан до 2015 года Астана, 2003 Содержание
Республики Казахстан, как фундаментальной составляющей становления и укрепления государственной независимости, прогрессивного развития...
Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы iconЗакон о некоммерческих организациях
ФЗ, от 18. 07. 2011 n 239-фз, от 18. 07. 2011 n 242-фз, с изм., внесенными Федеральными законами от 17. 05. 2007 n 82-фз, от 19....
Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы iconЗакон Республики Казахстан от 11 июля 1997 года №151-i о языках в Республике Казахстан (с изменениями и дополнениями по состоянию на 27. 07. 2007 г.)
Настоящий Закон устанавливает правовые основы функционирования языков в Республике Казахстан, обязанности государства в создании...
Постановление Правительства республики казахстан 2007 жылғы 21 желтоксан №1245 № данасы Астана, Үкімет Үйі от 200 года № экз. №2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©lib2.podelise.ru 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы